Жаңаөзенде «Бұрғылау» мұнай компаниясының аутсорсиң жұмысшылары ереуілге шықты

Олар жалақымыз өсірілсін дейді


20/04/2021
10:59 44014 0

Фото: vlast.kz

Жаңаөзенде «Бұрғылау» мұнай компаниясына мердігер «Фиркрофт» ЖШС-нің 100-ге жуық жұмысшысы ереуілге шықты. Олар жалақы өсіруді талап етіп отыр. Vlast мұнайшылар бұған дейін еңбек инспекциясы, қала әкімінің орынбасары және «Бұрғылаудың» директорымен кездескенін, бірақ келіссөзден еш нәтиже болмағанын айтады.

Жұмысшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовқа видео үндеу жолдаған.

«Мәселемізді үш күн ішінде шешіп беруіңізді өтінеміз. Әйтпесе, Жаңаөзен қаласының мұнай саласы мекемелерінен, яғни «Өзенмұнайгаз», «Бұрғылау» және тағы басқа компаниялардан "солидарность" көрсетуді сұраймыз».

Былтыр Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, аутсорсиң компания қызметкерлерінің жалақысы өздерін жалдап отырған кәсіпорын жұмысшылардікімен бірдеу болуы керек. Дегенмен, 1 қаңтарда «Бұрғылау» «Фиркрофт-пен» жұмыскерлер жалақысын көтермейміз деп жаңа келісімшартқа отырған.

Поделиться

Нет комментариев.

20/04/2021 10:59
44014 0

Уведомление