Жаңаөзенде бір топ адам міндетті вацинацияға қарсы шықты

Вакцинацияға қарсы емеспіз, тек міндетті болмасын дейді наразылар


31/08/2021
13:17 40357 0

Фото: qazir.kz

 

30 тамызда Жаңаөзенде бір топ адам міндетті вакцинацияға қарсы шықты.

 

«Азаттық радиосы» олар «Мәжбүрлі вакцинацияға қарсымыз», «Біздің таңдауымыз бар» деген плакаттар ұстап, әкімдікке қарама-қарсы орналасқан алаңға жиналған дейді. 

 

Вакцинаны мүлдем салдырмаймыз демейміз. Бірақ мәжбүрлемесін, әркім өз еркімен салдырсын, — дейді наразы Мұратбай Жұмағалиев. 

 

Жиналғандар вакцина салдырмағандарды ПТР тестін тапсыруға міндеттеуге, балаларға вакцина салдыруға да болмайды деген пікірде. 

 

Акцияға қала әкімі Жаңабай Аймағамбетов келген. 

 

— ПТР тестін тапсыру және вакцина салдыру міндет емес. Жиналысыңыз заңсыз, тараңыздар, — деген әкім. 

 

Қазақстанда қызмет көрсету саласында істейтіндер 1 қыркүйекке дейін вакцина салдыруға тиіс. Алмағандар ПТР тестін тапсырып отыруға міндетті. Ал бұл ақылы. Денсаулық сақтау министрлігі қазанда 12-ге толған балаларға Pfizer вакцинасын салып бастаймыз деп жоспарлап отыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/08/2021 13:17
40357 0

Уведомление