«Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі» деп жазған белсенді 20 күнге қамалды


20/10/2022
11:05 26448 0

19 қазан Жаңаөзенде қалалық әкімшілік соты «Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топтың белсендісі Келбет Нұрбаевты қала әкімі Айбек Қосуақовтың «жала жапты» деген арызынан соң 20 күнге қамады. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

 

Әкім «Нұрбаев Facebook желісінде ар-намысымды, абыройымды қорлайтын жазба жазды» деп сотқа берген. Осыдан соң Нұрбаевтың үстінен Әкімшілік кодекстің «Жала жабу» бабы бойынша іс қозғалған.

 

– Сот бойынша бүгін [19 қазанда] таңертең хабарласты. Жаңаөзен әкімі Қосуақов «мені ит деді» деп мені сотқа берген. Сот шешімімен келіспеймін. Facebook желісінде «Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі» деп жазғанымды мойындаймын. Сотқа әкім келмеді, өкілі келді, – деді Нұрбаев.

 

Белсенді Нұрбаев «Демпартия» бастамашыл тобының адвокаттарымен ақылдасып, сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмек.

 

6 қазанда Жаңаөзенде белсенді Мұрат Жұмағалиевті есігінің алдында жеті жігіт соғып кеткені жайлы пост жарияланған. Осы постың астына Нұрбаев «Жаңаөзен әкімінің иттік тірлігі» деген пікір жазған. Әкім Қосуақов осы комментті сотқа дәлел ретінде ұсынды. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/10/2022 11:05
26448 0

Уведомление