Популярные тэги

«Жаңа мәтін керек»: қолданыстағы Конституция мұрағатқа кете ме?

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата заңға өзгеріс енгізгеннен гөрі жаңа мәтін қабылдау ұсынылды.


29/01/2026
22:55 66 0

Еспаеваның ұсынысы

 

Мұндай ұсынысты Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева жасады. Оның сөзінше, конституциялық комиссияға түскен 2 мыңнан астам өтініш құжат ережелерінің жартысынан көбін қамтиды.

 

«Жекелеген түзетулер өзгерістерді орнықты іске асыру үшін қажетті тұтастық пен айқындықты қамтамасыз етпейді», – деп есептейді депутат.

 

Оның айтуынша, ел азаматтарының, сарапшылардың және әріптестердің комиссияға жолдаған өтініші назарға аударуға тұрарлық. Сол себепті құжатқа түзету енгізгеннен гөрі, жаңа мәтін қабылдаған жөн болады дейді Еспаева.

 

«Құқық актілері туралы заңның 26-бабында нормативті құжаттың ауқымын ескеруді талап етеді. Заңда құжаттың жартысынан көбі өзгерер болса, оның жаңа мәтіні қабылданатыны жазылған», – дейді вице-спикер.

 

Еспаеваның ұсынысын әріптесі Айдос Сарым қолдады. Депутат түсіп жатқан ұсыныстар Ата заңнын 77 бабын өзгертуді көздейтінін еске салды. Ал қолданыстағы Конституция 99 баптан тұрады.

 

Нұрмұханов таныстырған жоба жайында қала ма?

 

Еске салайық, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бұған дейінгі отырысында Ата заңға енгізілетін түзетулердің жинақталған жобасы таныстырылған. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың жаңартылған Конституция кіріспеден (преамбула), 11 бөлімнен және 104 баптан тұратынын жеткізген.

 

Құжатқа екі жаңа бөлім енгізілетіні, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертілетіні айтылды.

 

– Төрт бөлімнің атауы өзгертілді. «Жалпы бөлім» «Конституциялық құрылыстың негіздері», «Адам және азамат» бөлімі «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер», «Парламент» бөлімі «Құрылтай», «Соттар және сот төрелегі, прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл» бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау» бөлімі болып тұжырымдалды. 77 бапқа түзетулер дайындалды. Бұл – Конституция мәтінінің 84%-ы», – деген еді Нұрмұханов.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

29/01/2026 22:55
66 0

Уведомление