«Жаңа Конституция керек»: Макс Боқаев Атыраудың орталық алаңына барды

Белсенді түрмеден бүгін шықты


04/02/2021
12:03 44954 0

Фото: azattyq.org

 

Түрмеден шыққан жер митиңі белсендісі Макс Боқаев билікке талабын айту үшін Атыраудың орталық алаңына барды. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады.

 

— Өкінішке қарай, Назарбаев біздің Конституциямызды дәретхана қағазына айналдырып жіберді. Бізге жаңа Конституция керек, біз осыны Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтан талап етуіміз керек, — деген Макс Боқаев журналистерге. 

 

Боқаев осы талапты билікке естірту үшін апта сайын митиң өткізу керегін айтады.

 

— Үкімет ақылға келмесе, 3 сәуірден бастап алаңдарда шатыр тігіп отырамыз, — деген ол.

 

Макс Боқаев 2016 жылы жер митиңінен кейін түрлі айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол мұны «билік менен белсенділігім үшін кек алып отыр» деді. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп атап, бірнеше рет босатуын талап етті. 

 

Белсендіні түрмеден қарсы алу үшін Қазақстан аймақтарынан бірнеше белсенді келді.  3 ақпанда полиция оны қарсы алмақ болып Атырауға жол тартқан журналист, «Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты ұстап әкетті. 

 

Жер митиңі деп аталып кеткен наразылыққа не себеп болғанын мына жерден оқыңыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/02/2021 12:03
44954 0

Уведомление