«ӨзенМұнайГаз» компаниясы бас директорының орынбасары ұсталды

Оның іс-әрекетінен мемлекетке 46 млн теңге шығын келген


02/06/2023
16:35 17574 0

Фото: Ашық дереккөзден 

 

«ӨзенМұнайГаз» компаниясы бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев ұсталды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаменті хабарлады. 

 

Ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәмбетсапаев «қызметін пайдаланып, компанияға туыстарын алған» деген күдікке іліккен. Олар жұмыссыздар тізімі мен тұрмысы төмендер қатарында болмаған. Бұған қоса, мамандықтары қызметіне сай келмеген. 

 

Департамент «күдіктінің іс-әрекеті салдарынан мемлекетке 46 миллион теңге шығын келгенін және жаңаөзендіктердің жұмысқа тұру құқығы бұзылғанын» айтады. 

 

Ресми дерек бойынша Жаңаөзенде «ӨзенМұнайГаз» компаниясына жұмысқа тұруға кезекте 9 мың адам тұр. Жаңаөзен тұрғындары мұнай саласынан жұмыс талап етіп жиі наразылыққа шығады. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/06/2023 16:35
17574 0

Уведомление