Зеленский Ресей басып алған аймақтарда өткен референдумды сайқымазақ деп атады

Фарстың келісілген нәтижесі алдын ала БАҚ-та жарияланды. Ресей жасырынбады да


28/09/2022
15:02 27626 0

Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей басып алған аймақта өткен референдумды фарс деп атады. Оның үндеуін баспасөз қызметі жариялады. 

 

– Басып алынған аймақта өткен фарсты референдумның имитациясы деп те айтуға келмейді. Референдум нәтижесінің орнына не деп жазатынын біз алдын ала білдік. Бұл жерде барлаудың өзі қажет емес. Фарстың келісілген нәтижесі алдын ала БАҚ-та жарияланды. Ресей жасырынбады да, – деді Зеленский. 

 

Ресейшіл сайлау комиссиясының мәліметінше, Ресей құрамына өтуді қолдап Донбас облысында – 99,22, Луганск облысында – 98,42, Запорож облысында – 93,11, Херсон облысында – 87, 05 пайыз адам дауыс берген. 

 

Бұған дейін ҚР сыртқы істер министрлігі «Қазақстан референдумның нәтижелерін мойындамайды» деп мәлімдеген. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2022 15:02
27626 0

Уведомление