Зеленский: Ресей Қазақстан мен Балтық елдеріне қатер төндіріп тұр

«Ресей әр онжылдықта соғыс бастайды»


20/09/2023
11:59 14469 0

Фото: ВВС

 

Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Ресейдің агрессиясы туралы сөз сөйлеп, Қазақстанға да қатер төніп тұрғанын айтты. 

 

– Ресей әр онжылдықта соғыс бастайды. Молдова мен Грузия жерінің бір бөлігі оккупацияда қалып отырРесей Сирияны қирандыға айналдырды. Ресей Беларусті жұтып алды десе болады, ол Қазақстан мен Балтық елдеріне айқын қатер төндіріп тұр, – деді Зеленский.

 

Владимир Зеленский Ресей азық-түлік қауіпсіздігін саяси құрал ретінде пайдаланып отырғанын айтты. Ол «Мәскеу азық-түлік дағдарысын қаруға айналдырып, басып алған жерлерді Ресейдің бөлігі деп тануға өзгелерді мәжбүрлегісі келеді» деді. 

 

Сонымен бірге ол Еуропадағы кейбір елдерді «астықты триллерге айналдырып отыр» деп сынға алды. «Олар өз рөлін атқарып жатқандай көрінуі мүмкін, бірақ шындығында олар «мәскеулік актердің» сахна қойылымына болысып отыр» деді Зеленский. Бірақ қай елді меңзеп тұрғанын айтпады.

 

Бұған қоса ол Ресейдің ядролық қару ұстауға құқығы жоқ деп мәлімдеді. 

 

– XX ғасыр күллі әлемді ядролық қаруды қолданудан, оны таратудан және онымен қорқытып, қоқан-лоққы жасаудан тартыну керегін үйретті, – деді Зеленский.

 

Зеленский сөзінде Ресейді «ондаған мың» украин балаларын ұрлап әкетті, осылайша олардың отбасына және қоғамға қысым жасап отыр деп кезекті рет айыптады. Украина президенті Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинаның басып алынған жерлерінен балаларды заңсыз әкеткен деген күдікпен тұтқындауға ордер бергенін еске салды.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/09/2023 11:59
14469 0

Уведомление