Өзбекстанда Нүкіс оқиғасына байланысты сот басталды

Іс бойынша барлығы 22 адамға айып тағылған


28/11/2022
10:20 24658 0

28 қарашада Өзбекстаның Бұхара қаласында Нүкіс оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша сот басталады. Іс бойынша барлығы 22 адамға айып тағылған. Бұл жөнінде Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Әбидов хабарлады. 

Қылмыстық істі Қарақалпақ Республикасының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әбибуллаев бастаған сот қарайды. 

Нүкіс оқиғасын зерттеген парламентттік комиссия сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы айып тағылған 107 адамды «гуманизм принципімен» бостандыққа шығарған.

Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан қашып келген қарақалпақ белсенділерін қыркүйек-қазан айында Қазақстан құқық қорғау органдары ұстаған. Бүгінге дейін қамауға алынған төрт белсендінің аты мәлім, олар: Зиуар Мирманбетова, Раиса Құдайбергенова, Жангелді Жақсымбетов, Қошқарбай Төремұратыо және Тілеубике Юлдашева.  

Биыл шілденің басында болған Нүкіс оқиғасы кезінде кемі 21 адам өлген, оның төртеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері. 270-тен аса адам жараланған. 

Нүкіс оқиғасы Өзбекстан билігінің конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде бастамасына байланысты туған. Жаңа өзгерісте Қарақалпақстанның егемендік статусы мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы жойылатыны көрсетілген. Жаппай толқудан кейін Ташкент бұл ұсынысынан бас тартқан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/11/2022 10:20
24658 0

Уведомление