Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өлімін қайта тергеуді сұрады

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімін қайта тергеуді сұрады


03/03/2022
12:00 29971 0

Фото: Ratel.kz

 

Оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов прокуратурадан әкесінің өлімін қайта тергеуді сұрағанын мәлімдеді.

 

— Менің әкем – Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовті белгісіз біреулер 2005 жылы үйінің маңында атып кеткен. Әкемді өлтіріп кеткені анық болса да, өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның жүрегіне екі рет, басына бір рет оқ атылғаны туралы бұлтартпас айғақтардың өзі оның өзіне қол жұмсамағанын техникалық тұрғыда дәлелдейді,  деп жазылған Қайрат Нұрқаділовтің бас прокуратураға жолдаған өтінішінде. 

 

Азаттық радиосының тілшісі жаңадан тағайындалған Берік Асыловтан аталмыш іс бойынша прокуратураға өтініш түсті ме? деп сұрады. Бас прокурор өтініштің түскен, түспегенін білмейтінін айтты. 

3 наурызда Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсебаев өтініштің келгенін растады.

 

 Оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада Алматы қаласындағы үйінде атылған оқтан қайтыс болған. Оқиға Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент сайлауы қарсаңында болған. Нұрқаділов сол уақытта президент сайлауына қатысуға ниетті екендігін жасырмаған. Қайғылы оқиғадан кейін полиция оппозициялық саясаткердің өз өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. Марқұмның өз револьверінен атылған оқтың бірі басына, екіншісі жүрегіне тиген. 

 

Сол уақытта Заманбек Нұрқаділовтің жары әнші, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова: 

 

 Ол өзін өлтіруді ойлаған жоқ. Оны біреулер қасақана өлтірді,  деп мәлімдеген. 

 

Заманбек Нұрқаділов парламент мәжілісінің депутаты болды, Алматы қаласы мен облысын басқарды. 2001 жылы төтенше жағдайлар агенттігін басқарды. Дәл осы жылы баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстанның сол уақыттағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты билікті заңсыз иемденді деп айыптап, отставкаға кетуін талап етті. Заманбек Нұрқаділов өмірінің соңғы жылдары Назарбаев билігін ашық сынады.  

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2022 12:00
29971 0

Уведомление