«Заң талабына толық сай келемін»: Журналист Инга Иманбай мәжіліс сайлауына кандидатурасын ұсынды

«Ешқандай қылмыстық, жемқорлық іске қатысым, соттылығым жоқ»


31/01/2023
11:46 16525 0

Құқық қорғаушы, журналист Инга Иманбай мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеп, құжат тапсырды. 

 

– Дәл қазір мажоритарлы жүйе бойынша өз конституциялық құқығымды пайдаланып, Мәжіліске тәуелсіз үміткер ретінде (ешқандай партиядан емес) тіркелу үшін арызымды тапсырдым. Соңғы он жыл емес, туылғалы бері, яғни 34 жыл өз елімде тұрақты тұрамын. Ешқандай қылмыстық, жемқорлық іске қатысым, соттылығым жоқ. Сондықтан, заң талабына толық сай келемін,  деп жазды Иманбай fakebook парақшасына. 

 

30 қаңтарда Иманбай тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия мүшелері кезектен тыс парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеген. Ол үміткерлер Алматыдан ғана емес, Қазақстанның өзге де өңірлерінен сайлауға түсетінін айтқан. 

 

Қазір Демпартия жеткешісі Жанболат Мамай үйқамақта отыр. Оған «билік өкіліне тіл тигізу» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айып тағылған. Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып тағылған. Бірақ кейіннен ол алынып тасталған. Соңғы өткен сот отырысында айыптаушы тарап Мамайға «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабы бойынша айыпты қайтадан таққан. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/01/2023 11:46
16525 0

Уведомление