Қызылорда облысының әкімі 265 миллион теңгеге той жасады

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда аста-төк той жасады


15/08/2022
16:25 25294 0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған Бердібек Сапарбаевтың інісі Нұрлыбек Нәлібаевтың басы тағы да дауға қалды. Ол ұлының тойын 265 миллион теңгеге жасап, қазақ той бизнесінің рекордын жаңартты. 

 

Egov.press телеграм арнасының жазуынша, The Ritz-Carlton кешенінде өткен. Мұнда бір адамға арналған меню құны 72 мың, ал ішімдікке кеткен қаржы шамамен 750 мың теңге. Ғимаратты жалға алу 12 миллион, оны безендіру 27 миллион, сахна мен құрылғыларды жалдау 18 миллион теңге. 

 

Осылайша, The Ritz-Carlton қызметкерлерінің есебінше, 200 адамға арналған бұндай тойды өткізу үшін шамамен 265 миллион теңге қаржы жұмсау қажет. Тойды «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов жүргізген. Оның бұл тойдан қанша ақша алғаны белгісіз. 

 

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың су жаңа құдасы Астана аудандарының бірінің сот төрағасы деген дерек бар. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/08/2022 16:25
25294 0

Уведомление