Қызылорда облысының бас экология инспекторы 50 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ал бұрынғы инспектор пара алды деп 11 жылға түрмеге қамалды


08/09/2021
11:26 39335 0

Фото: times.kz

 

Қызылорда облысы экология департаментінің басшысының орынбасары — бас экология инспекторы 50 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтей отырып Vласть хабарлайды. 

 

«Оған бір ЖШС-ның директорынан алдын ала келісіп қойған 100 миллион теңгенің 50 миллионын алды деген күдік бар. Лауазымды тұлға Шымкент полиция департаментінің тергеу изоляторына қамалды», — дейді агенттегілер. 

 

Кім пара бергені және ұсталды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сенсек, 6 қыркүйекте Қызылорда облысының бұрынғы бас экология инспекторы 11 жылға түрмеге қамалған. Ол да пара алған. Биылғы ақпанда 30 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/09/2021 11:26
39335 0

Уведомление