Қытаймен визасыз режим енгізуге қарсылық күшейген тұста Тоқаев Қытайға барды

Қазақстан басшысы Қытай төрағасымен кездеседі


17/05/2023
19:03 12899 0

 

17 мамырда президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Facebook» желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми жұмыс сапарымен Қытайға барғанын хабарлады. Сапар барысында Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарлануда. 

 

– Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады, дейді Руслан Желдібай.

 

18 мамырда Тоқаев Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне, 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай»саммитіне қатысады. Бұған қоса, Тоқаев Сиань қаласындағы Қазақстан бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне де барады.

Соңғы уақыттары Қазақстанда Қытаймен арада 3күндік визасыз режим енгізуге қарсылық күшейген. 1 мамырда Алматыдағы Орталық саябақ алдында бір топ белсенді Қытай экспансиясына, визасыз режимге қарсы наразылық акциясына шыққан. Кейіннен оларды полиция күштеп ұстаған. 

Бүгін, 17 мамырда Алматыда тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі Бекзат Мақсұтханұлын полиция алып кеткен. Адвокат Шынқуат Байжановтың сөзінше, Мақсұтханұлының үстінен «тіркелмеген ұйым жұмысына қатысу» бабы бойына іс қозғалуы мүмкін

Бұған дейін Бекзат Мақсұтханұлы «Nagyz Atajurt Kazakh Human Rights» ұйымының youtube парақшасында 17 мамырда митингіге шығатынын мәлімдеген. Митингіде Қазақстан мен Қытай арасында «визасыз тәртіп енгізу туралы» Қытайдың Сиань қаласында қол қойылуы мүмкін келісімге қарсылық білдіретінін айтқан. Ол әкімдікке митингіге шығатынын ескерткен. Бірақ рұқсат етпеу туралы ешқандай ресми хат алмаған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы да ол Қазақстан экономикасындағы Қытай үлесін көбейтуге қарсылық болып жатқан кезде Қытайға мемлекеттік сапармен барған. Ол Қытайға сапары кезінде, 1мамырда 70 жасқа толды. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/05/2023 19:03
12899 0

Уведомление