Қытайдың Франциядағы елшісі бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтірді

«Олардың егеменді ел мәртебесін жүзеге асыратын халықаралық келісім жоқ»


24/04/2023
12:07 19015 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қытайдың Франциядағы елшісі Ли Шай бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтіріп, олардың егеменді ел мәртебесін жүзеге асыратын халықаралық келісім жоқ деп мәлімдеді. 

– Халықаралық құқықта бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің белсенді мәртебесі жоқ, өйткені олардың егеменді ел ретіндегі мәртебесін жүзеге асыратын халықаралық келісім жоқ, – деді Шай Францияның LCI телеарнасына берген сұхбатында. 

Бұдан бөлек, Ли Шай Қырымды ежелден Ресей жері деп мәлімдеді. 

– Тарих бар. Қырым әу бастан Ресейдің жері. Қырымды Кеңес Одағы кезінде Украинаға Хрущев сыйлаған, – деді ол. 

Франция сыртқы істер министрлігі Ли Шайдың сұхбатынан кейін мәлімдеме жасап, ресми Бейжіңнен Украина мен Қырымға қатысты ұстанымын нақтылауды сұрады. Мәлімдемеде Франция 1991 жылы Киев тәуелсіздігін жариялағанда Қытай Қырымды Украинаның құрамдас бөлігі ретінде танығанын мысалға келтірген. 

Украинаның Франциядағы елшісі Вадим Омельченко «Ли Шай географияны білмейді немесе оның ұстанымы Бейжіңнің ресми позициясына қайшы» деп мәлімдеді. 

Латвия, Литва, Эстония СІМ Ли Шайдың мәлімдемесін «ақылға қонымсыз» деп бағалады. 

Қазақстан мен Орталық Азияның өзге мемлекеттері осы уақытқа дейін ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/04/2023 12:07
19015 0

Уведомление