Қырғызстан арнайы қызметі «төңкеріс жасамақ болған топ» туралы мәлімдеме жасады

Кеше Бішкекте ондаған адам ұсталған


06/06/2023
13:40 16379 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті «билікті күшпен басып алмақ болды» деген күдікпен ұсталғандар туралы ақпарат таратты. 

 

Арнайы қызмет мәліметінше, ұсталған күдіктілер билікті басып алу үшін бір жыл дайындалған. Ұйымдастырушы және идеялық демеуші Н. Р. С деген азамат және «Елдік Кеңеш» саяси партиясының төрағасы. 

 

– Олар елдің әр аймағынан жүздеген адамды ұйымдастырып, әр қайсысының атқаратын рөлдерін белгілеп берген. Олар қандай да бір оқиға мен қоғам наразылығын күткен, –  дейді МҰҚК. 

 

Қырғызстан әділет министрілігінің мәліметіне қарағанда, «Елдік кеңеш» партиясының төрағасы - Нұрматова Роза Сарлыққызы 2012 жылы сол кездегі депутат, қазіргі президент Садыр Жапаров пен қазір арнаулы қызметті басқарып отырған Қамшыбек Тәшиев бастаған митингіге қатысқан. 2012 жылы Садыр Жапаров пен Қамшыбек Тәшиев жақтастарының штабын басқарған.

 

5 маусымда арнайы жасақ Бішкек қаласында ондаған адамды ұстаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

06/06/2023 13:40
16379 0

Уведомление