Қырым көпірінде жарылыс болды

Көпірдің тірегіне зақым келді деген ақпарат тарауда


17/07/2023
14:44 11603 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

ВВС-дің Орыс қызметінің мәліметінше, Ресейді аннексияланған Қырым түбегімен жалғап тұрған Керчен көпірінде төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысы тоқтаған. 

 

Ресей көлік министрлігі көпірдің автомобиль жолағы ғана зақымданғанын мәлімдеді. Бірақ кейбір ақпаратта көпірдің тірегіне нұқсан келгенін жөнінде айтылуда. 

 

Көпірден бөлек, паром өткелі де жабылған. Қырым көпірінің алдында бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған. Ресей көлік министрлігі аннексияланған Қырым аумағына майдан шебіне жақын құрылық жолымен баруды ұсынды. Бұл аймақты да Ресей басып алған. 

 

Қырым көпірінде 2022 жылдың 8 қарашасында да жарылыс болған. Ол кезде жарылғыш зат тиелген көлік көпірдің үстінде жарылған. Көпір биыл мамыр айында ғана қайтадан пайдалануға берілген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/07/2023 14:44
11603 0

Уведомление