«Әйел зорлады» деп айыпталған полиция бастығы екі айға қамауға алынды


15/11/2023
15:53 6884 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Әйел зорлады» деп айыпталған Талдықорған қалалық полициясының бастығы Марат Күштібаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды. 

 

– Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, 14 қарашада сот қаулысымен К. есімді күдікті екі айға қамалды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев облыстық орталықтың 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілініп, ұсталған.

Күштібаевтың өкілдері және туыстары ақпарат құралдарына шыққан жоқ.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/11/2023 15:53
6884 0

Уведомление