Құқық қорғаушылар президентке Арон Атабекті босату туралы хат жолдады

Оған 2,5 мың адам қол қойған


20/09/2021
13:12 35045 0

Фото: odfoundation.kz

 

Жұрт саяси тұтқын дейтін Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы хатқа қол жинау аяқталды. Құқық қорғаушылар оны президентке жолдады

 

Қазақстанда президент өз бастамасымен тұтқындарға рақымшылық жасай алады. 

 

Процесс 15 қыркүйекте басталған еді. Құқық қорғаушылар Атабектің халі нашарлап кеткен дейді. 

 

— Екі қолым ауырады, көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксофонға арбамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болуы керек. Толық (медициналық – ред.) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле алу қауіпті деп есептеймін, — деген Арон Атабек оларға. 

 

Атабек мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазудан бас тартты. «Бұлай істетесем, кінәні мойындаған болам» дейді. Тұтқын түрмеден 2024 жылы шығады.

 

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 


Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

20/09/2021 13:12
35045 0

Уведомление