Құқық қорғаушылар Арон Атабектің босатылуы үшін қол жинап жатыр

Процесс бес күн жалғаспақ


16/09/2021
16:14 40266 0

Фото: odfoundation.kz

 

Бақытжан Төреғожина мен өзге құқық қорғаушылар саяси тұтқын атанған Арон Атабектің ерте босталуы үшін қол жинап жатыр.

 

— Бес күн бойы қол жинаймыз. Кейін қол қойған хатты Ақордаға жіберемін. Рақымшылық туралы комиссия жылына төрт рет кеңес өткізеді. Мен желіге жариялаған поста, президенттің кеңесшілері мен оған жақын саяси серіктестерін де белгіледім, олар мәселені президентке жеткізсе, қалаған уақытында шешім шығара алады, — деді Бақытжан Төреғожина «Азаттық радиосына». 

 

Қазақстанда президент өз бастамасымен тұтқындарға рақымшылық жасай алады. 

 

Осыған дейін құқық қорғаушылар Арон Атабектің халі нашарлап кеткенін айтқан еді. 

 

— Екі қолым ауырады, көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксофонға арбамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болуы керек. Толық (медициналық – ред.) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле алу қауіпті деп есептеймін, — деген Арон Атабек оларға. 

 

Атабек мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазудан бас тартты. «Бұлай істетесем, кінәні мойындаған болам» дейді. Тұтқын түрмеден 2024 жылы шығады.

 

Қол қоям десеңіз, мына сілтемені басыңыз.

 

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 


Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

16/09/2021 16:14
40266 0

Уведомление