Құқық қорғаушы Инга Иманбайға полиция келді

«Бұл саяси тапсырыс»


11/05/2023
11:14 18218 0

Фото: Инга Иманбайдың Facebook парақшасынан

 

Құқық қорғаушы, журналист Инга Иманбайға полиция келді. Бұл жөнінде оның өзі Facebook парақшасында тікелей эфирде айтты. 

 

Желіде жарияланған видеода өздерін Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасынан келдік деп таныстырған екі полицей Инга Иманбайға 1 сәуірде тіркелмеген «Халық парламенті» қоғамдық бірлестінің жиынына қатысқаны үшін 489-бап «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды» бойынша айып тағылғанын және осыған байланысты 172 мың теңге айыппұл салынғанын айтып, хаттамаға қол қоюын өтінеді. Бірақ Инга Иманбай тағылған айыппен келіспейтінін, ешқандай құжатқа қол қоймайтынын айтады. 

 

– Мен ешқандай шеруге қатысқан жоқпын. Дөңгелек үстелге қатыстым. Сол жерде сайлауға байланысты өз пікірімді айттым. Алаңға шықса да айыппұл, жиналысқа қатысса да айыппұл. Бұл не сұмдық? Бұл заңсыздық. Бұның саяси тапсырыс екенін біліп тұрмын. Бұрын шеруге қатысқаның үшін айыппұл салатын еді. Жаңа Қазақстандарың осы ма?, – дейді Инга Иманбай видеода полиция қызметкерлеріне. 

 

Бұған дейін, 10 мамырда тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия белсендісі Аружан Дүйсебаеваға да 1 сәуірде өткен «Халық парламенті» жиынына қатысқаны үшін айыппұл салынған. 

 

1 сәуірде Алматыда «Халық парламентінің» өкілдері «парламент сайлауындағы заңсыздықтарды» айтып, ресми нәтижесін жоюды талап еткен. Бұған дейін ХП-ның 9 сәуірдегі митингісіне байланысты 15-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2023 11:14
18218 0

Уведомление