Буллиң

Балалардың басқа бір баланы әдейі әрі үнемі мазақтап, кемсітуі. Ағылшын тілінен аударғанда bully келемеждеу, қорқыту дегенді білдіреді. 




Буллиңнің мынадай формалары бар:


— адамның психологиясына қысым жасау, үркіту;


— ұрып-соғу;


— бір адамға жала жабу не ол туралы өсек шығару, басқаларын оған қарсы қою;


— оны топтан шеттету, елемеу. 


Буллиңді агрессияның басқа түрлерінен мына факторлар арқылы ажыратуға болады: 


— Адамдар басқа біреудің жанды жеріне тигісі келіп, оған шабуыл жасайды; 


— Бұл буллиң үнемі, жүйелі түрде қайталанып тұрады.


— Араздықты бастайтын тарап өзі тиісіп отырған тараптан физикалық, моральдық, саны жағынан әлдеқайда күшті болады — сондықтан адамдар басқасын топ болып мазақтайды, кемсітеді. 


Қазақстан ЮНИСЕФ зерттеуіне сенсек, елде балалардың 66 %-ы мектепте жәбір көріп, алалауға ұшырайды екен, 44 %-ы мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ал 24 %-ының өздері басқа балаларды алалап, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен екен. 


Өкінішке қарай, бала буллиңге ұшырап жүргенін ешкімге айтпауға тырысады. Себебі әлсіз екенін көрсеткісі келмейді. Айтатын болсам, сөз тасығандай болам деп ойлайды. 


Біз психолог та, педагог та емеспіз, сондықтан мұндайда не істеу керегін айта алмаймыз. Бірақ айтарымыз мынау — бала өмірінде не болып жатқанын, халі қалай екенін сұрау, қызығу, оған сену, мінемеу оның кез келген проблемасын шешуге көмектеседі.


 


12/02/2021 15:19 5053 0

12/02/2021
15:19 5053 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление