Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау ұйымдастырып, өткізетін органдардың ең жоғарғысы. Оған аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары қарайды.




Өкілеті:



  • сайлау туралы заңның орындалуын қадағалайды;

  • президент пен парламент депутаттарын сайлауды ұйымдастырады;

  • мәслихат депутаттарын сайлауын заңға сәйкес өтуін қадағалайды; 

  • партияның парламент пен мәслихат сайлауына қатыстыру-қатыстырмауын шешеді.

  • сайлау қорытындысын жасап, халыққа жариялайды. 


Оған жеті адам мүше. Төрағасы не төрайымы мен екі мүшесін президент, қалғанын парламенттің қос палатасы (екі-екіден) тағайындайды. Барлығының өкілет мерзімі — бес жыл. Қазіргі төрағасы — Берік Имашев. 


2013 жылы Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығына мүше болды. 



 





02/12/2020 15:45 5110 0

02/12/2020
15:45 5110 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление