Иммунитет

Саясаттануда мемлекет иммунитеті, дипломатия иммунитеті және депутат пен президентке тиіспеушілік деген бар.


Мемлекет иммунитеті — тәуелсіздігін дүниежүзі мойындаған мемлекеттің аумақтық, егемендік тұтастығы мен халқының бірлігіне өзге елдердің тиіспеуі. Бір мемлекет басқа мемлекеттің билік органдарына бағынбайды. Мемлекеттердің тең құқылы болуы халықаралық құқық бойынша қорғалады.


Дипломатия иммунитеті — бір мемлекеттің басқа мемлекет аумағындағы өкілдігіне берілетін ерекше мәртебе. Шетелдегі елшілік пен консулдық және соларға қарасты барлық ғимарат, қызметкер қабылдап отырған мемлекетің азаматтық, қылмыстық, басқа да заңдарына бағынбайды. Елшілік пен консулдық қызметкерлері өзі қоныстанған ел аумағында қандай да бір заң бұзса, ел билігі әуелі сол өкілдік ашқан мемлекеттің үкіметіне нота жолдайды.


Парламент депутаты қылмысы үстінде ұсталмаса, ауыр және аса ауыр қылмыс жасамаса, оны сол депутат қызмет ететін палатаның келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, қамауға, жазаға тартуға болмайды. 


ҚР Конституциясы бойынша «президентке, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне тиiсуге болмайды». Оны және оның отбасын мемлекет қорғайды. Бұрынғы президенттердің иммунитеті де сондай. «Қазақстан Республикасының президенті туралы» заңы бойынша «республиканың экс-президентi мемлекетке опасыздық жасағаннан басқа жағдайда мемлекет басшысы кезіндегі іс-әрекетiне жауап бермейдi».


09/11/2020 15:07 4548 0

09/11/2020
15:07 4548 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление