Фракция

Фракция (латынша «fractio» — опырылу, бөлшектену) деп бір ұйым/құрылымдағы көзқарасы бір саясаткерлер тобын атайды. Мысалы, парламенттегі фракция — бір партияға жататын депутаттар тобы. 




Бір фракцияға жататын депутаттар бірге жұмыс істеп, сайлаушылар мен партиясының мүддесін қорғауы, заңнамаға әсер етуі керек. 


Қазақстан парламентінде үш партия (фракция) бар: «Ақ жол» (7 депутат), Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (7 депутат) және Nur Otan (84 депутат). 


Партияның өзі де фракцияларға бөлінуі мүмкін. Мұндайда партияның кей мүшесі оның негізгі бағдарламасымен келіспей, жеке бір топтардың мүддесін қорғаумен айналысады. Мысалы, Ресейдің «Алма» партиясы. Онда әйелдер (гендерлік), құқық қорғаушылар, жастар мен кәсіпкерлер фракциясы бар.


03/11/2020 13:51 5237 0

03/11/2020
13:51 5237 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление