Ереуіл

Бұл — бір талаптың орындалмауына наразы болып, бас көтеру. Ереуілді көбіне кәсіпорын жұмысшылары, студенттер не азаматтардың басқа тобы ұйымдастыруы мүмкін.




Жұмысшылар ереуілі — қызметкерлердің жұмыс берушінің не үкіметтің саясатына наразы болып, өндірісті уақытша тоқтатуы, талабы орындалғанша жұмыс істеуден бас тартуы.


Еңбек қатынастарын зерттеуші мамандар жұмысшылар ереуілін үшке бөледі:


— шабуылдаушы ереуіл немесе көтеріліс — жұмысшылардың көп болып жиналып, тұрмыс пен еңбек шартын жақсартуды талап етуі;


— қорғанушы ереуіл — тұрмысқа не жұмыс орнында енгізілген тәртіпке бағынбай, қарсылық көрсету;


— саяси ереуіл — наразы көпшіліктің мемлекет билігіне саяси талап қоюы: заңды өзгертуді, үкіметті немесе оның мүшелерін отставкаға кетіруді, президентті алып тастауды талап етуі.


Біз жақында ереуіл ұйымдастыратын жұмысшылар нені білуі керек екенін жазғанбыз. Сонымен бірге митиң өткізудің Қазақстанға қандай пайдасы болатыны туралы материалымыз да бар.



16/10/2020 13:58 4739 0

16/10/2020
13:58 4739 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление