Инаугурация

Сайланған президенттің өз қызметіне ресми түрде кірісу рәсімі. Онда ол халыққа адал қызмет етуге ант береді. 




Қазақстанда инаугурация мемлекет басшысы сайланған соң бір ай ішінде өтуге тиіс. Күнін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) белгілейді. Салтанатқа парламент депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары мен республиканың бұрынғы президенттері қатысады. 


Онда жаңа президент Конституцияға қолын қойып, халыққа қазақша ант береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін». Осы сәттен бастап президент өз қызметіне ресми кірісті деп есептеледі.  


Кейін Мемлекеттік әнұран ойнап, ОСК басшысы президентке куәлік, президент штандарты, төсбелгі мен «Алтын қыран» орденін табыстайды.


 


13/10/2020 14:57 4620 0

13/10/2020
14:57 4620 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление