Мандат

Сайлау арқылы белгілі бір лауазымды тұлғаға не органға берілген өкілет не соны растайтын құжат. 




Мандат сөзі көп мағынаға ие, бірақ айналып келгенде өкілет деген мән береді. 


Саясатта мандат — депутат өкілеті және соны растайтын құжат. 


Ал халықаралық құқықта ол — халықаралық ұйымның бір мемлекетке белгілі бір аумақты басқаруға рұқсат беруі. Мұндай құқықты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Ұлттар лигасы (БҰҰ-ның ізашары) бірнеше елге берді. Мысалы, Ұлыбританияға Палестина жерін басқаруға рұқсат етті. 


Барлық мандатқа ортақ нәрсе бар: олардың жарамдылық мерзімі шектеулі болады. Мысалы, Қазақстанда Мәжіліс депутатының мандаты, өкілеті — бес жыл. Содан кейін бұл құқық басқа біреуге сайлау арқылы беріледі. Парламент депутаты:


— тұрақты мекенжайы басқа елде тіркелсе;


— сотталса;


— ҚР азаматтығынан айырылса өкілеті бітпей жатып мандатынан айырылуы мүмкін. 


Ал Мәжіліс депутаты мына жағдайларда мандатынан айырылады:


— өзін сайлаған партиядан шықса немесе одан шығарылса;


— сол партия жұмысын толықтай тоқтатса.


 


12/10/2020 14:34 8398 0
Автор: masa.media

12/10/2020
14:34 8398 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление