Инфляция

Тауар мен қызмет бағасының өсуі (құнсыздануы). 




Қарапайым мысалмен түсіндірейік. 1000 теңгеге бір жыл бұрын апорт алмасының 3 келісін, қазір тек бір келісін алсаңыз, инфляция болды деген сөз. 


Бағаның өсуі — экономикада жиі болып тұратын процесс, себебі ол үнемі бір орында тұрмайды ғой, бірақ егер инфляция жоғары деңгейде болса (баға жылына 10 % артатын болса), бұл азаматтарға да, бизнеске де, мемлекетке де кесірін тигізеді. Баға жылына 6 %-ға дейін өсіп отырса, жақсы. 


Инфляцияның болуына бірнеше себеп бар. Мәселен, тауар мен қызметке сұраныс артып, ұсыныс азайғанда, салдарынан дефицит пайда болғанда баға құнсызданады. Екінші мысал — ұлттық валюта құлдырағанда. Шетел валютасының (доллар, еуро, рубль) курсы артып, импорт тауарлар бағасы қатты өскенде инфляция болады. 


2020 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда инфляция 6,7 %, қантар-тамыз айында 4,6 % болды. 


Кішігірім инфляцияның болып тұруы эконмикаға оң әсер етеді. Ол адамдарға өз бюджетін ойластырып, ақша жинауға, инвестиция жасап, бизнес ашуға көмектеседі.


 


01/10/2020 14:16 4777 0

01/10/2020
14:16 4777 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление