Ратификация

Халықаралық құжатты заңды күшіне енгізу, оны қабылдаудың ең соңғы кезеңі. Мемлекет келісімге қол қояды, бірақ оның шарттарын орындауға міндетті болмайды. Ратификациялағанда ғана сол құжаттың бір заңды күші болады, яғни мемлекет ондағы бар шартты орындауы керек. 




Қазақстан халықаралық құжатты ратификациялай ма, жоқ па, оны парламент шешеді. Сол үшін арнайы заң шығарады. Қазақстан Конституцияның 4-бабында «Республика ратификациялаған халықаралық құжат өз заңдарынан басым болады» делінген


Халықаралық ұйымдарда ратификациялау рәсімі біраз басқаша. Мысалы, БҰҰ конвенциясына қосылу үшін әуелі Бас хатшыға арнайы ратификация грамотасын не келісімге қосылғаны жөніндегі құжатты тапсыру керек. Қазақстан адам құқықтары туралы ең негізгі деген сегіз құжатты ратификациялады. Олар туралы мына жерден толығырақ оқыңыз.


 


30/09/2020 14:39 7093 0

30/09/2020
14:39 7093 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление