Дискриминация

Адамды ұлтына, жынысына, сексуал ориентациясына, дініне, әлеуметтік статусына я жасына қарап алалау, кемсіту. Дискриминация сөзі латынша «бөлектеу», «жекешелеу» дегенді білдіреді. 




Біз дискриминацияға күнде ұшыраймыз. Адам адамды әдейі я байқамай кемсітуі мүмкін. Мемлекет те өз азаматтарын алалауы ғажап емес. Мысалы, «әйелдерге ауыр болады» деп кей мамандық бойынша еңбек етуге рұқсат бермейді. Осылайша олардың құқығын таптап, тіпті одан айыруы мүмкін. 


Бізді дискриминациядан қорғайтын құрал — ол біздің құқығымыз. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында былай жазылған: «Барлық адамның кез келген дискриминациядан қорғануға құқығы бар». 


Қазір көп мемлекеттің заңдары мен маңызды халықаралық құжаттар біреудің құқығын бұзуына тыйым салған (мысалы, әртүрлі дискриминацияны жоюға арналған бірнеше конвенция бар). Дегенмен қоғамдағы стереотиптер мен қалыптасып қалған көзқарастардың кесірен біз үнемі алалауға ұшыраймыз. Сондықтан белсенді болып, теңдік пен адам құқықтарын ұлықтап отыруымыз қажет.


 


29/09/2020 14:57 7630 0

29/09/2020
14:57 7630 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление