Үкімет

Атқарушы биліктің басты органы. Парламент заң қабылдайды, ал үкімет соны орындайды. Онда министрліктерді басқаратын министрлер отырады. 




Қазақстанда үкімет заң шығару үшін бастама көтере алады және бұл құқығын қазір жиі қолданып жүр. Министрлер заң жобаларын жасап, парламенттің қарауына береді. 


Президентке толықтай, парламентке жартылай бағынады. Мысалы, республикалық бюджеттің қайда кеткені туралы есеп беріп, соған қатысты депутаттардың сұрақтарына жауап береді. Әкімдіктерді басқарады. 


Қорғаныс, ішкі және сыртық істерге жауап беретін министрлерді президент өзі тағайындайды. Қалғандарын мемлекет басшысы үкімет басшысы — премьер-министрдің ұсынысынан кейін тағайындайды. 


Үкіметтің өкілет мерзімі Мәжілістікіндей — бес жыл. 


Үкіметтің басты міндеттері:



  • Әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты бағыттарын жасайды;

  • Мемлекеттік бағдарламарды бекітеді;

  • Парламентке республикалық бюджет қайда кеткені жайлы есеп береді;

  • Сыртқы саясатқа жауапты.


Одан бөлек, үкімет баға, азаматтарды әлеуметтік қамту, білім, туризм, әлеумет — барлық саладағы саладағы мемлекет саясатына жауапты.  Министрліктер өз саласы үшін жауап береді. Қазақстанда 17 министрлік бар: 



  1. Сыртқы істер;

  2. Қорғаныс;

  3. Ішкі істер;

  4. Ақпарат және қоғамды дамыту;

  5. Ауыл шаруашылығы;

  6. Әділет;

  7. Білім және ғылым;

  8. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау;

  9. Денсаулық сақтау;

  10. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту;

  11. Қаржы;

  12. Мәдениет және спорт;

  13. Сауда және интеграция;

  14. Ұлттық экономика;

  15. Экология, геология және табиғи ресурстар;

  16. Энергетика;

  17. Цифрлы даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі.


 


10/09/2020 10:48 3647 0

10/09/2020
10:48 3647 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление