Конституция

Елдің басты заңы. Оның саяси құрылымын, басқару формасын, территориясын мен дінге көзқарасын анықтайды. Бірақ ең басты міндеті  азаматтардың негізгі құқығын белгілеу және оны қорғау. 




Әр елдің өз Конституциясы бар. Бірақ Конституциясы жоқ елдер де бар. Мысалы, Ұлыбритания, Канада, Израиль, Швеция. 


Бірінші Конституция 1787 жылы АҚШ-та қабылданды. Ал Қазақстандікі 1993 жылы күшіне енді. Қазір қолданыстағы Конституция 1995 жылы қабылданды. Оған бес рет түзетулер енгізіліп, бастапқы мағынасы қатты өзгерді. 


Мысалы, бірінші Конституция бойынша, парламент құзыреті қазіргісінен көп еді, сондықтан сарапшылар оны либералды деп санайды. Қазіргісі президенттік басқару түріне бағытталған. 


Қызығы, біздің Конституцияның 14-бабында «барлығы заң мен сот алдына тең» делінген.  Ал «Бірінші президент  Елбасы» туралы Конституциялық заңның 3-бабы бойынша, Елбасы мен оның отбасына ешкім тиісе алмайды, тергей, ұстай алмайды, меншігін тәркілей алмайды. 


 


 


29/07/2020 12:00 5340 0

29/07/2020
12:00 5340 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление