Оккупация

Оккупация латын тілінен аударғанда «басып алу» немесе «иемдену» деген мағынаны білдіреді. 


Оккупация белгілі бір елдің территориясын толықтай немесе ішінара өзге бір мемлекеттің күштеп басып алуы кезінде болады. Бұл тұжырым 1907 жылы Гаага Конвенциясында қабылданды.


Халықаралық гуманитарлық құқық (MGP) мұндай жағдайларда, оккупацияның заңды екендігіне қарамастан қолданылады (мысалы, ел халқын «бостау» мақсатында).


Оккупацияның үш түрі бар:



  • Әскери іс-қимыл кезінде. Мысалы, 1941 жылдың жазында Кеңес Одағы территориясының оккупациялануы.

  • Соғыстан кейінгі кезең. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия аумағының оккупациялануы.

  • Бейбіт кезең жағдайындағы оккупация. Бұған БҰҰ бітімгерлік миссиясын жатқызуға болады. 


Оккупацияның белгілері:



  • Уақытша сипатқа ие.

  • Арандатушы мемлекет пен оккупацияланған аймақтың басқарушы әкімшілігінің болуы.

  • Мемлекеттің де-юре және де-факто соғыс жағдайында болуы.

  • Халықаралық құқық факторы. Халықаралық қауымдастықтың аннексияланған аймақты мойындауы немесе, керсінше, мойындамауы. 


Оккупация режимі басып алушы тарапқы құқық пен міндеттемелерді жүктейді. Бірақ басып алынған аймақтың егемендігі бұзылмауы тиіс. Оккупацияланған аймақ басып алушының бақылауына өткен сәттен бастап, ол қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек. 


Халықаралық гуманитарлық құқық туралы келісімдерде белгіленген нормаларға қосымша, бірқатар жағдайларды қоспағанда, адам құқығы мен ұлттық заңнаманы қолдану жалғасуда.


02/06/2022 17:17 2428 0

02/06/2022
17:17 2428 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление