Бюрократия

Франсуздың «bureau» — бюро және гректің «κράτος» — күш, билік сөздерінен шыққан. 


Бұл мемлекетті басқаратын аппарат. Бюрократияның жұмысшылары — шенеуніктер. Әкімшілік сияқты мемлекеттік мекемелер бюрократиялық аппараттың бір бөлшегі. Бюрократияда нақты билік тізбегі бар. Кез келген шенеунік өзінен жоғары лауазымды басшыға бағынады. 




Бұдан бөлек, шамадан тыс қағазбастылықты бюрократия деп атайды. 


Бастапқыда бюрократия термині жағымсыз мағынада болмаған. Оны қолданысқа алғаш рет франциялық экономист Гурнэ ХVІІІ ғасырда енгізген. Ол атқарушы билікті бюрократия деп атаған. Ғылымға терминді ХІХ ғасырда неміс экономист, тарихшысы Макс Вебер алып келді. 


Вебер бюрократия деп: 


— билік жүйесінің құрылымын; 


— бір қалыпты жұмыс істеуге арналған ережелер мен тәртіпті; 


— қоғамды тиімді басқаруға арналған құралдарды атады. 


Ғалым бюрократияны жағымды және жағымсыз деп екіге бөлік қарастырды. 


Жағымсыз бюрократия: 


— ұйымдасудың көп болып кетуі — ведомства арасында байланыстың болмауы; 


— басқаруда жаңа құралдарды енгізе алмау; 


— шамадан тыс баяу жұмыс істеу. 



Жағымды бюрократия: 


— шенеуніктер арасындағы қызмет өзара нақтыланған; 


— жауапты мамандардың тиісті шешімдерді уақытылы қабылдауы; 


— аппарат ішінде нақты, тексерілген ақпараттар бойынша жұмыс істеу.


13 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «мемлекеттік аппаратты дебюрократиялау туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша, мемлекеттік органдарда қағазбастылық пен есеп беру азаюы тиіс. Ол өз кезегінде аппараттың жұмысын жақсартуы қажет.


27/04/2022 15:59 4089 0

27/04/2022
15:59 4089 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление