Дефолт

Несие алушының қарыз беруші алдында пайыздық үстем ақыны немесе берешекті толық қайтара алмау жағдайы. Дефолт қарапайым (банкроттық) және техникалық болып екіге бөлінеді. Олардың айырмашылығы өз-өзін банкрот деп қарыз алушы жариялайды. Ал техникалық дефолт деп несие беруші таниды. 


Мемлекет, компания, жеке тұлғаның кез келгені дефолт деп танылады. Егер мемлекет дефолт болса, онда ол «тәуелсіз» деп аталады. Берешекті өтеу қарыз алушы мемлекет пен қарыз беруші мемлекет арасындағы келіссөз негізінде шешіледі. Ал компания дефолтқа ұшырайтын болса, онда ол өзіне тиесілі активтерді сатып берешегін өтейді және өз жұмысын тоқтатады. Егер дефолт ауқымды болмаса, компания активтерінің жартысын сатып, қалған бөлігімен жұмысын жалғастыра береді. 


Жеке тұлғаны дефолт деп тану ұзақ прецесті талап етеді. Жеке тұлға қарыз берушімен есеп айырысу үшін бірнеше заңдық кезеңдерден өтуі тиіс. 


Дефолтқа дұрыс басқармау, шамадан тыс бәсекелестік, төтенше жағдай (экономикалық, саяси факторлар) себеп болады. 


 


Дефолттың салдары


Қандай да бір ел, компания, жеке тұлға дефолт деп жарияланса, ол оның несие рейтингіне кері әсер етеді. Кредиторлар оларға несие беруден бас таруы мүмкін.


13/04/2022 17:54 3157 0

13/04/2022
17:54 3157 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление