Пропорционалдық жүйе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда жасаған кезекті жолдауында Мәжіліс аралас жүйеге ауысатынын мәлімдеді. Ол бойынша, депутаттардың 70 пайызы пропорционалдық (партиялық тізім), 30 пайызы мажоритарлық (өзін өзі ұсылу) жүйе бойынша сайланады. 


Пропорционалдық жүйе дегеніміз не? Талдап көрелік. 




Соңғы уақыттары Мәжіліске депутаттарды тағайындау жөнінде жиі еститін болдық. Бұл бір қарағанда түсініксіз болуы мүмкін. Негізінде депутаттарды тағайындамайды, сайлайды. Бірақ елде пропорциналды сайлау жүйесі болатын болса, онда партиялық тізім бойынша тағайындайды. 


Бұндай жүйеде сайлаушылар жекелеген кандидатқа емес, тұтас партияға дауыс береді. Ал парламентке қандай адамның баратынын партия шешеді және ол депутаттарды қалаған уақытында алмастыра алады. 


Парламенттегі орын да кандидаттар арасында емес, партиялардың сайлауда жинаған дауысына қарай бөлінеді. Яғни, қай партия көп дауыс жинайды, сол партия парламенттен көп орын алады. 


Сайлау алдында әр партия өз кандидаттарын ұсынады. Ол үшін партияішілік праймериз өткізуі мүмкін. Оның не екенін, Nur Otan партиясы (қазіргі Amanat) 2020 жылы параймеризін қалай өткізгенін біз бұған дейін жазғанбыз. Ол уақытта партиялық тізімге праймериз жеңімпаздарымен қатар, партияның танымал мүшелері де енген. 2020 жылы Қазақстанда квота енгізген. Ол бойынша, партиялық тізімнің 30 пайызы әйелдер мен жастардан жасақталуы тиіс. 


Қазақстанда парламент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен. Нәтижесінде Nur Otan партиясы 71,09 %, «Ақ жол» — 10,95 %, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 9,10 %, «Ауыл» — 5,29 %, ADAL — 3,57 % дауыс жинаған. ADAL мен «Ауыл» партиялары 7 пайыздық межеден өте алмаған. Nur Otan — 76, «Ақ жол» — 12, ҚХП — 10 мандат алған.


25/03/2022 15:46 3658 0

25/03/2022
15:46 3658 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление