Нәсілшілдік

Адамды нәсіліне, шыққан жері мен тегіне қарап алалау. Дискриминацияның бір түрі.




Термин 1932 жылы француз сөздігінде пайда болды. Басында жұрт расизм деп бір нәсіл өзге нәсілден жоғары тұратын жүйені айтқан. Қазір бұл терминнің мағынасы көп. Саяси алаңда нәсілшілдік деп нәсіл, ұлты, діні және басқа да белгілеріне қарап алалауды айтады. 


Расизмнің басталуы Еуропа елдері Африка және Америка жерлерін отарлай бастаған кезге тұспа-тұс келеді. Батыс Еуропа мемлекеттері отаршыл саясатын ақтау үшін нәсілшіл теорияларды алға тартты: кей халық не нәсіл өкілдері өзіне қорған бола алмайды, оны қорғайтын күші мол басқа халық керек деді. 


Нәсілшілдік тарихын айтқанда Америка мен Еуропадағы құлдық пен сегрегацияны айтпай кетуге болмайды. Британиялықтар 1600 жылдары бастаған құлдық 1860 жылдарға дейін созылды. Соның кесірінен 4 миллион қара нәсілді өмір бойы ақ нәсілділердің құлы болды. 


Америкада құлдық жойылғанмен нәсілшілдік бітпеді: 1960 жылдарға дейін қара нәсілді азаматтар ақ нәсілділерден бөлек тұруға, олармен араласпауға міндетті болды. Олар қазір де нәсілшілдікпен күресуге мәжбүр. Оған бір мысал — Black Lives matter қозғалысы.


Оңтүстік Африка Республикасындағы нәсіліне қарап бөліп-жару саясаты апартеид деп аталды. 


Қазір барлық дерлік елде нәсілшілдікке тыйым салынған. Қазақстан Конституциясында былай делінген:


«Ешкімді шыққан тегі, лауазым және мүлік, жыныс, нәсіл, ұлт, тіл, діни көзқарасы, наным, тұратын жеріне не өзге де жағдайына қарап алалауға болмайды». 


21/10/2021 17:27 4511 0

21/10/2021
17:27 4511 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление