Автономия

Грек тілінен аударғанда өзін-өзі басқару дегенді білдіреді. 


Автономия — мемлекет ішіндегі мемлекет, корпорация, ұйым мен басқа да топтарға өзін-өзі басқару құқығын беру. Бірақ бұл құқық шектеулі болады. Мысалы, мемлекет ішіндегі мемлекет автоном болса, ішкі саясатта тәуелсіз болады да, сыртқы саясатта басқа бір елге тәуелді болады. Облыс, штат, губерния да автоном бола алады. 




Автономияның екі түрі бар: аумақтық және ұлттық-мәдени. 


Аумақтық автономияның атқарушы билігі, заң шығаратын парламенті, өз заңнамасы болуы мүмкін. Оның халқы бір этникалық топтан тұрады.


Ұлттық-мәдени автономия, керісінше, ұлттық азшылық өкілдерінің бірігуі. Олар мемлекеттің түрлі аймағында тұруы мүмкін. Олардың мақсаты — өз ұлтының мәдениетін, тілі мен дәстүрін сақтау, дамыту.


Қазақстан да кезінде КСРО құрамында автономия болған. 1979 жылы Қазақстанның солтүстігінде неміс автономиясы құрылмақ болған, бірақ халық наразылығынан кейін жоспар іске аспай қалды. 


Қазір де автономия аймақтар бар. Мысалы, Қытай құрамындағы Хоң Коң, Канададағы Куебек, Грузиядағы Абхазия аутономиялық республикасы.




11/10/2021 16:01 4771 0

11/10/2021
16:01 4771 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление