NEET жастар

Not in education, employment and training деп оқылады. NEET — оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар. 




Термин алғаш рет 1999 жылы Ұлыбритания үкіметінде айтылды, кейін Жапония мен Латын Америкасына тарады. Испан тілдес елдерде NEET-ті Ni-Ni дейді.  


NEET-тің төрт түрі бар: 


Антисоциал: жұмыс істемегенде ғана өзін жайлы сезінетіндер;


Хикимори: өзге адамдармен араласа алмайтындар;


Пассив: өзіне деген сенімі мен мотивация жоғынан жұмыс таба алмай жүргендер; 


Көңлі қалған: бұрынғы жұмысынан жағымсыз әсер алған, ендігіде еңбек етпеймін деп бел буғандар. 


Осыған қарап жастар неге NEET өмір салтына бет бұратынын түсінуге болады. Одан бөлек, зерттеушілер бұған тұрмыс деңгейі де әсер етеді дейді. Мысалы, аз қамтылғандар оқи алмайды — білігі болмайды — жұмысқа тұра алмайды. Ал, керісінше, жан-жақты қамтылғандар мен мемлекеттен жұмыссыздыққа байланысты жақсы ақша алатындар жұмысқа зәру болмайды. 


Қазақстанда NEET саны 250 мыңнан асады. 2019 жылғы зерттеуге сенсек, олардың жұмысқа тұра алмай жүргеніне жұмыс берушілердің тым жоғары талап қоятыны себеп.


29/09/2021 15:12 3760 0

29/09/2021
15:12 3760 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление