Кенгуру сот

Әділетсіз, заңсыз сот, сот сымақ дегенді білдіретін ағылшын тұрақты тіркесі. Көбіне тез үкім шығаратын сотты айтқанда қолданылады. 




Ұғым XІХ ғасырда АҚШ-та пайда болған. Сот отырысы кенгуру секіріп өткендей тез өтеді дегенді білдіреді. 


Кенгуру сотқа түрлі мысал бар. Мәселен, 1958 жылы Иракта революция кезінде полковник Әбдікәрім Қасемнің соты 15 минутта өтіп, айыпталушы өлім жазасына кесілді. 


1930 жылдары КСРО билігі өзіне жақпағандарды жауапқа тартарда қорытындысы әу бастан белгілі «өтірік сот» өткізетін: үштік деп аталатын комиссия жылдам үкім шығарып, айыпталғандардың жазасы дереу орындалатын. Мәселен, 1937 жылы 27 қыркүйекте өлім жазасына кесілген Әлихан Бөкейхан сол күні дереу атылды.


27/09/2021 15:44 3400 0

27/09/2021
15:44 3400 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление