Мәдениетті иемдену

Бір мәдениеттің элементін басқа бір мәдениет өкілінің иемденіп алуы не қолдануы. Мәдени апроприация деп те жатады.  




Мұндай практика көбіне жағымсыз құбылыс саналады, себебі адамдар өз мәдениетін басқа біреулер қолданып, одан пайда көргенін қаламайды. 


Бұл ұғымның авторы — ХХ ғасырдың 80-90 жылдары батыс отаршылдығын сынаған зерттеушілер. 


Мәдениетті иемдену аккультурация не ассимиляциямен шатастырмау керек, апроприацияның тамыры колониализмде жатыр дейді зерттеушілер. Олардың ойынша, өзгенің мәдениетін көбіне үстемшіл мәдениеттің өкілдері парқына бармай қолданады, одан қалса саудаға салады, осылай отаршылдықты ары қарай жалғастырып жатыр. Мысалы, Батыста мәдени апроприация деп ақ нәсілдінің шашын дред қылып өруі, әнін қара нәсілділердің музыкасына еліктеп шығаруы, африкалық не үндістердің ұлттық киімін киюін айтады. 


2019 жылы Америка селебритиі Ким Кардашиан өзінің ішкиім брендін «Кимоно» деп атап еді, жапондар сын айтқасын атауын ауыстыруға мәжбүр болды. 


Мәдени апроприацияны жақтайтындар да бар. Олардың ойынша, ешкім өзгенің мәдениенетін пайда көрем, иемденем деп тұтынбайды, керісінше оған тамсанғандықтан қолданады, осылай оның өркендеуіне үлес қосады дейді. 




Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 


17/09/2021 14:37 2749 0

17/09/2021
14:37 2749 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление