Деколонизация

Өзгеге колония, бағынышты (болған) елдердің тәуелсіздік алуы. Колониализмге қарсы қозғалыс. 




Дүниежүзінде деколонизация XVIII ғасырда басталды: АҚШ Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды, Испан империясы Латын Америкадағы колонияларынан айырылды. Колонизаторлардан құтылу процесі ХХ ғасырдың 50–60-жылдарында қайтадан жанданды: Британия империясынан Африка елдері мен Үндістан тәуелсіздік алды. 


Бірақ деколонизация тәуелсіздік алу ғана емес. Мысалы, азаттық алған елдер отаршыл елдің тілінде сөйлеуден бас тартып, ана тілін, мәдениет, салт-дәстүрін жаңғыртады, тәуелсіздік жолында шейіт болғандарды не оған атсалысқандарды ұлықтайды, тарихын қайтадан жазады, жергілікті халықтың тапталған құқығын қалпына келтіреді. 


Қазақстан XVIII ғасырдан 1991 жылға дейін әуелі Ресей империясына, кейін КСРО-ға бағынышты болды. Еліміз тәуелсіздік алған бойда қазақ тілін мемлекет тілі деп бекітті, халық ұмыт болған мейрамдарын тойлай, салт-дәстүрін ұстана бастады. Үкімет кезінде КСРО ұлтшыл деп айыптап, азаптаған, өлтірген азаматтарды еске алу күнін бекітті. 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алатын күн. 


Зерттеушілер әлем колониализмнен азат десе де, қазір бірнеше мемлекет тәуелсіздік аламыз деп талпынып жүр. Мысалы, Шотландияның Ұлыбритания құрамынан, Каталонияның Испаниядан шықпақ ниеті бар. Былтыр Хоң Коң халқы Қытай ішкі ісімізге араласпасын деп ереуілге шықты.


16/08/2021 14:29 3457 0

16/08/2021
14:29 3457 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление