Диархия

Ежелгі грек тілінен аударғанда екі билеуші дегенді білдіреді. 


Диархия — елді бір емес, екі басшы бірігіп билейтін жүйе, яғни қосбилік. 




Диархияға тарихи мысалдар:


— Ежелгі Рим консулдары, мәселен, Жулий Сезар мен Помпей;


— Ресейдегі V Иоанн мен оның ағасы І Пётр;


— Англия мен Шотландияғы ІІ Мари мен оның күйеуі ІІІ Уиллем. 


Қазір де диархия орнаған мемлекеттер бар. Мысалы, Сан Марино. Басшыларын капитан-регент деп атайды және оларды алты ай сайын парламент тағайындап отырады. 


Қазақстанда ресми қосбилік болмаса да, бұрынғы президент Елбасы және Қауіпсіздік кеңесі басшысы ретінде билікке әлі де ықпал етіп отыр. 2019 жылғы қазанда Тоқаев президент жоғары лауазымға тағайындарда Назарбаевпен кеңесуге тиіс деген қаулы шығарды.


 


03/08/2021 13:48 3724 0
Автор: masa.media

03/08/2021
13:48 3724 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление