Анклав

Латынша inclavatus «қамалған, құлыпталған» дегенді білдіреді. 


Анкав — бір мемлекеттің басқа ел (-дер) жан-жағынан қоршап алған бөлігі, аумағы. Мысалы, Тәжікстанның Ворух ауылы (Қырғызстанда орналасқан). 




Басқа мемлекеттің қақ ортасында тұрған анклав елдер де бар: Италия аумағындағы Сан Марино Республикасы, Оңтүстік Африка ішіндегі Лесото елі. 


Егер анклав теңізбен шектессе, оны жартылай анклав дейді. Ресейдің Калининград облысы жартылай анклав десек те болады, ол Балтық теңізімен шектеседі ғой. 


Экслав деген де бар: мемлекеттің басқа елдегі бөлігі оған экслав болады. Мәселен, Калининград облысы Ресейге экслав, ал Литва мен Польшаға анклав болады. 


Мемлекеттің анклав аумағы болуы елдер арасындағы жағдайды қиындатуы мүмкін. Әлі күнге дейін Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан (бұрынғы кеңес мемлекеттері) арасындағы кей шекара қай жерде өтетінін шеше алмай келеді. Осының кесірінен сол маңда тұратын азаматтар жер-суға таласып, кейде дау-жанжал қарулы қақтығысқа ұласып жатады.


03/06/2021 14:46 6463 0

03/06/2021
14:46 6463 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление