Сләктивизм

Ағылшын тіліндегі slacker (сандалбай, жалқау) мен activism (белсенділік) деген сөздердің қосындысы. 


Термин ағылшын тілінде сөйлейтін ортада 30 жылдай бұрын пайда болды. Басында «бірнәрсе өзгерткің келсе, өзіңнен баста», мысалы, «митиңге шығудың орнына қайырым істермен айналысу» дегенді білдірген еді. Интернеттің дамуымен термин негатив мағынаға ие бола бастады. 


Сонымен, қазір сләктивизм — интернеттегі қандай да бір үлкен нәтиже бермейтін белсенділік: белгілі бір мәселенің шешілуіне үлес қосам деп лайк басу, репост жасау, онлайн петицияға қол қою, пікір жазу. 


Мұндай үрдісті қолдайтындар да бар, қолдамайтындар да бар. Сыншылар «сләктивизммен айналысатындар үлкен нәтиже бермек түгілі, керісінше, зиянын тигізеді, мәселен, лайк бассам болды, парызымды орындаймын деп ықпалы мол басқа әрекет жасамайды» дейді. 


Ал жақтайтындар әлеуметтік желі мен видеолар, хештегтер мен стористер, постар түрлі кампанияға қатты көмектеседі деген пікірде. Оған #metoo, #blacklivesmatter хештегтері мысал бола алады.


09/04/2021 14:22 4002 0

09/04/2021
14:22 4002 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление