Харассмент

Адамға түрлі психологиялық және физикалық қысым жасау: тіл тигізу, тиісу, ұятқа қалдыру, үркіту, бопсалау. Харассмент сөзі ағылшын тілінде (to harass) қысым дегенді білдіреді. 




Қазір ТМД елдерінде адамдар харассмент әйелге тиісу: көшеде кетіп бара жатса ысқыру, тіл тигізу, аңду, әдепсіз әзілдеу, белгілі бір қызмет үшін, мәселен, жалақыңды көтерем деп секс ұсыну деп біледі. Бірақ харассменттің басқа да түрлері бар. Мысалы, өмірде және интернетте адамды дініне, саяси көзқарасына, жасына, шыққан тегіне, ұлтына қарап кемсіту. Буллиң де харассмент. 


Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан салық органдарының үкіметтік емес ұйымдарды қудалауын саяси харассмент деп атаған еді. 


Қазақстан заңнамасында харассмент деген ұғым жоқ. Десе де, ол Қылмыстық кодекстің 123-бабыЖыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына мәжбүрлеу») бойынша жазаланады. 1998 жылдан 2018 жылға дейін осы баппен 87 іс қозғалған екен


Құқық қорғаушылар сексуал харассментті болдырмау үшін жеке бап шығару қажет, өйткені харассмент — зорлық-зомбылыққа жол ашатын әрекет дейді.


07/04/2021 17:29 3726 0

07/04/2021
17:29 3726 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление