Норматив құқықтық акт

Құқық нормалары жазылған, мемлекеттік органдар шығаратын ресми құжат. Мысалы, Конституция, кодекс, заң.




Оның екі түрі бар: негізгі және туынды. Негізгілері иерархия бойынша тізбектеледі:



  • Конституция;

  • конституциялық заң; 

  • кодекс;

  • заң;

  • парламент қаулылары;

  • президент қаулылары мен бұйрықтары;

  • үкімет қаулылары;

  • министрлер, Ұлттық банк, Есеп комитеті мен Орталық сайлау комиссиясының қаулылары;

  • мәслихаттар мен әкімдіктердің шешімдері. 


Конституциялық кеңес пен Жоғарғы соттың қаулылары, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының актілері негізгісіне жатады, бірақ бұл иерархияға кірмейді. Кез келген норматив құқықтық акт өзінен жоғары тұрған актіге қарама-қайшы келмеуі керек. 


Туынды норматив құқықтық актілерге мыналар жатады:



  • ережелер;

  • техникалық регламент;

  • қағидалар;

  • нұсқаулық.


30/03/2021 15:04 4339 0

30/03/2021
15:04 4339 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление