«Вагнер» басшысы Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырады

Қаза тапқандар арасында Пригожин де бар


24/08/2023
11:15 9944 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресейдің Тверь облысында ЧВК «Вагнер» жалдамалы әскерінің басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, он адам қаза тапқы. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қайтыс болғандардың арасында Пригожиннің өзі де бар. 

 

23 тамыз кешке Тверь облысы Бологов ауылында Embraer бизнес-джеті құлаған. Росавиация агенттігінің мәліметінше, ұшақтың жолаушылар тізімінде «Вагнер» жалдамалы жасағының басшысы Евгений Пригожин мен оның «оң қолы» саналатын командир Дмитрий Уткин болған. 

 

Росавиация жариялаған жолаушылар тізімі: 

  • Сергей Пропусьин
  • Евгений Макарян
  • Александр Тотмин
  • Валерий Чекалов
  • Дмитрий Уткин
  • Николай Матусеев
  • Евгений Пригожин
  • Алексей Левшин, командир
  • Рустам Каримов, екінші пилот
  • Кристина Распопова, бортсерік.

 

 

Бірақ әзірге Евгений Пригожин мен Дмитрий Уткиннің қаза болғанына қатысты ресми ақпарат жоқ. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында он адам болған және олардың барлығы қаза тапқан. Кремльшіл «Ресей 24» арнасы Пригожин қаза тапты деп ақпарат таратты. Бірақ кейбір сарапшылар Пригожин ұшаққа мінбеуі де мүмкін деген болжам айтуда. «Вагнерге» жақын Grey Zone телеграм арнасы «Пригожин мен Уткин Ресейді сатқандардың әрекетінен қаза тапты» деп олардың көз жұмғанын растады. 

 

Ресейлік журналист Ксения Собчак дереккөзіне сүйеніп, апатқа ұшыраған ұшақта Пригожин де болғанын жазды. Ал Ресей оккупациялап алған Украинаның Запорожье облысының өкілі Владимир Рогов «Вагнер» жалдамалы әскер тобының мүшелерімен сөйлескенін, олар Пригожин мен Уткиннің қазасын растағанын мәлімдеді.

 

Пригожиннің өкілдері жағдайға байланысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. «Вагнермен» байланысы бар Grey Zone каналы ұшақты ракетаға қарсы құрылғы атып түсіруі мүмкін деп топшылайды.

Екі ай бұрын Пригожин бастаған «Вагнер» жалдамалы әскер тобы бүлік шығарып, Мәскеуге қарай аттанған. Бүлік кезінде Ресей әуе күштерінің бірнеше ұшағы мен тікұшағы құлаған. Бүлікке қатысты қозғалған іс кейін тоқтап, «Вагнер» жасағы Александр Лукашенконың шақыртуымен Беларуське аттанған еді. Ал Пригожин біраз уақыт Ресейде болған.

21 тамызда Пригожин видео жариялап, Африкада жүргенін мәлімдеген.

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/08/2023 11:15
9944 0

Уведомление