Ulysmedia.kz бас редакторына белгісіз біреулер қорапқа салынған мал еті мен балаларының суретін жіберген

Бұған дейін сайтқа хакерлік шабуыл жасалған


08/02/2023
17:11 19719 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жібергенін айтты. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы журналиске сілтеме жасап хабарлады.

 

Самал Ибраева қораптың сәрсенбі, 8 ақпанда кеңсеге келгенін, ішін ашқан кезде жоғарыда аталған заттар шыққанын айтты. Ибраева оқиғаны «редакцияға жасалған қоқан-лоқы» деп бағалады. 

 

– Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім, – деді Самал Ибраева. 

 

Ибраеваның «Азаттық» радиосына жіберген суретінде етпен бірге балалардың суреті жатқаны көрінеді. Сәрсенбі түстен кейін редакцияға полиция келіп, келген заттардан саусақ іздерін алған. Ибраева полицияға қорапты кім жібергенін анықтауды сұрап, шағым жазған. 

 

Полиция «Азаттық» тілшісіне саусақ ізі алынып жатқан қорапты түсіруге тыйым салған.

 

Бұған дейін, Ulysmedia.kz сайтына хакерлік шабуыл жасалып, басылымның басты бетіне Самал Ибраева мен отбасының жеке деректері шығып кеткен. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/02/2023 17:11
19719 0

Уведомление